Алиби Идириске UFC жолы ашық – қарсыласы пікір білдірді

Жекпе-жек
Ведомости
Америкалық спортшы Джозеф Моралес (13-2) қазақстандық Алиби Идириске (10-1) UFC-де әлі де мүмкіндік берілетініне сенеді, деп хабарлайды Bassport.kz.
— Мен түсіндім: бұл – менің жалғыз мүмкіндігім. Егер жеңілсем, UFC қайта шақырмайтынын білдім, себебі бұрын сондай жағдай болған. Ал Идириске мұндай мүмкіндік әлі де берілуі мүмкін. Ол тамаша спортшы, бүкіл маусымда жоғары деңгейде өнер көрсетті. Ең бастысы – оның артында бүкіл елі тұр. Сондықтан ол бұл жолы өз елінің намысын қорғау үшін барын салды деп ойлаймын, — деді Моралес.
Еске сала кетейік, The Ultimate Fighter финалында Джозеф Моралес Алиби Идриске қарсы жекпе-жекте екінші раундта сабмишнмен жеңіске жетіп, UFC-мен келісімшартқа қол жеткізді. Бұл — оның мансабындағы екінші мүмкіндік болмақ.