«Қайрат» Еуропаның басты сенсацияларының қатарына енді

«Қайрат» Еуропаның басты сенсацияларының қатарына енді
Футбол

NUR.KZ

Ресейлік Metaratings.ru басылымы Алматының «Қайратын» Еурокубок іріктеу кезеңіндегі басты бес сенсацияның қатарына қосты, деп хабарлайды Bassport.kz.

«Қазақстан чемпионы атанған соң «Қайрат» Чемпиондар лигасының іріктеуіне бірінші айналымнан қосылды. Соған қарамастан, алматылық клуб үш қарсыласын да жеңіп, плей-офф кезеңіне шыққан жалғыз команда болды.
Енді қазақстандық клубқа тәжірибелі еурокубок қатысушысы — Шотландияның «Селтигі» қарсы тұрмақ. Сарапшылардың пікірінше, қарсылас өте мықты болғанымен, «Кайраттың» мүмкіндігі бар.
«Қайрат» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтпесе де, тарих жазды. Себебі клуб кем дегенде Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алып отыр. Бұл — қазақстандық команданың ең үздік нәтижесі. Бұған дейін «Қайрат» тек 2021/22 маусымында Конференция лигасының топтық кезеңіне жеткен еді. Алайда ол кезде жеңіссіз қалып, екі ұпаймен топта соңғы орын алған болатын», — деп жазады басылым.