Мадридтік «Реал» Ла Лигада жаңа рекорд орнатты

Мадридтік «Реал» Ла Лигада жаңа рекорд орнатты
Футбол

Чемпионат

Мадридтік «Реал» Испания чемпионатында тарихи көрсеткішке қол жеткізді. Команда Ла Лигадағы алғашқы 16 ойында қатарынан жеңілмей, жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды Bassport.kz.

Бұған дейін Хаби Алонсо жаттықтыратын команда маусымның бірінші турында «Осасунаны» 1:0 есебімен жеңген еді.

Айта кетейік, мадридтіктер соңғы рет маусымның ашылу ойынында 2008 жылы ұтылған. Ол кезде «Депортиводан» 1:2 есебімен жеңіліп қалған болатын.

Ал екінші турда «Реал» 24 тамыз күні «Овьедомен» кездеседі. Қазіргі Испания чемпионы — «Барселона».