Рамзан Кадыров Хамзат Чимаевты күтіп алып, «Майбах» сыйлады

Рамзан Кадыров Хамзат Чимаевты күтіп алып, «Майбах» сыйлады
Жекпе-жек

Чемпионат

UFC орта салмағындағы жаңа чемпион Хамзат Чимаев туған жері Грозныйға оралды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Әуежайда оны Шешен басшысы Рамзан Кадыров өз жақындарымен бірге күтіп алды. Кадыров чемпиондық белбеуді қолына алып, жұртшылыққа көрсетіп, Чимаевтың жеңісіне толық сенімді болғанын айтты.

«Мен Хамзат Чимаевтың жеңісіне жүз пайыз сенімді болдым. Тіпті күмәнім болған жоқ», — деді ол.

Еске салайық, 16–17 тамыз күндері Чикагода өткен UFC 319 турнирінде Чимаев UFC чемпионы атанды. Ол кештің басты жекпе-жегінде ОАР файтері Дрикус Дю Плессидің үстінен айқын жеңіске жетті.

Бұл нәтижеден кейін жеңіліссіз файтер, қазір БАӘ атынан шығатын Чимаев, P4P рейтингінде он сатыға көтеріліп, төртінші орынға жайғасты.

Сонымен қатар, ресейлік БАҚ дерегінше, Рамзан Кадыров Хамзат Чимаевқа сыйлық ретінде «Майбах» люкс автокөлігін тарту еткен.