UFC президенті Джон Джонстың октагонға оралуына нүкте қойды

UFC президенті Джон Джонстың октагонға оралуына нүкте қойды
Жекпе-жек

Спорт-Экспресс

UFC басшысы Дана Уайт Джон Джонстың октагонға қайта шығу жоспарына сенімсіздік білдіріп, оның Ақ үйде өтетін тарихи турнирге қатысуы мүмкін емес екенін айтты, деп хабарлайды Bassport.kz.

— «Үш айда Джон менің сенімімді қайтару үшін не істей алады деп ойлайсыздар? Мен оған сенбеймін, сөйлеспеймін де. Ақ үйдегі турнирге оның шығу ықтималдығы — миллиардтың бірі ғана», — деді Уайт Чикагода өткен баспасөз мәслихатында.

Бірнеше күн бұрын ұйым президенті Конор МакГрегорға Джон Джонстан гөрі көбірек сенетінін жеткізген болатын. Бұл таңғаларлық жайт, себебі МакГрегор соңғы төрт жыл бойы жекпе-жекке шықпаған. Оның Майкл Чендлерге қарсы жоспарланған кездесуі де ирландиялықтың жарақатына байланысты өтпей қалған еді. Дегенмен, МакГрегор жақында UFC-дің антидопингтік бағдарламасына қайта қосылып, рингке оралуға ниетті екенін көрсетті.

Ал Джон Джонс маусым айында мансабын аяқтап, чемпиондық белбеуден бас тартқан болатын. Соған қарамастан, ол кейіннен тестілеу жүйесіне қайта тіркеліп, АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына арналған мерекелік турнирге қатысуға ниет білдірді.