Лионель Месси әлемдік рекорд орнатты

Футбол
idman.biz
«Интер Майами» және Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси футбол тарихында жаңа белесті бағындырды, деп хабарлайды Bassport.kz.
38 жастағы форвард ресми кездесулерде 875 гол соққан алғашқы ойыншы атанды. Бұл көрсеткішке жету үшін оған 1116 матч қажет болды. Сонымен қатар, Месси 875 голды ең жас футболшы ретінде тіркеген ойыншы болып отыр.
Соңғы ойында Месси «Лос-Анджелеспен» кездесуде бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Нәтижесінде «Интер Майами» қарсыласын 3:1 есебімен жеңді.
Айта кетейік, Лионель Месси 2023 жылдан бері америкалық клуб сапында өнер көрсетіп келеді. Бүгінгі күнге дейін оның еншісінде 71 матчта 59 гол және 29 ассист бар.