Елена Рыбакина Цинциннатиде 206 мың доллар тапты

Елена Рыбакина Цинциннатиде 206 мың доллар тапты
Теннис

РБК Спорт

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 10-орын) АҚШ-тың Цинциннати қаласында өткен беделді турнирді жартылай финалда аяқтады, деп хабарлайды Bassport.kz.

Жартылай финалда Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекке 5:7, 3:6 есебімен жол берді. Осы нәтиже үшін ол 206 100 АҚШ долларын және 390 рейтингтік ұпай еншіледі.

Айта кетейік, турнирдің жалпы жүлде қоры – 5 152 599 доллар. Финалға шыққан Швентек кем дегенде 391 600 доллар мен 650 ұпайды иеленді. Ал жарыстың жеңімпазы 752 275 доллар және 1000 рейтингтік ұпайға қол жеткізеді.