Дастан Сатпаев — Қазақстан футболының жаңа символы аталды

Дастан Сатпаев — Қазақстан футболының жаңа символы аталды
Футбол

Спорт Шредингера

Глазголық «Селтик» жанкүйерлерінің 67hailhail.com сайты алматылық «Қайраттың» жас шабуылшысы Дастан Сатпаевқа ерекше назар аударды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Басылымның жазуынша, Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде «Селтикке» қарсы екі ойында ең қауіпті ойыншы — 17 жастағы Дастан Сатпаев болмақ. Жас та болса, ол қазірдің өзінде аргентиналық жұлдыз Серхио Агуэромен салыстырылып жүр және болашақта Қазақстан футболының бет-бейнесіне айналады деп күтілуде.

Бұл маусымда Дастан тарихқа енді — ол Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас футболшы болды. Ол Любляна «Олимпиясының» қақпасына 16 жас 10 ай 26 күнінде гол соғып, рекорд орнатқан еді.

Алайда Сатпаевтың «Қайраттағы» мансабы ұзаққа созылмайды. Жас талант 18 жасқа толғанда Англия Премьер-лигасының алпауыт клубы «Челсиге» қосылмақ. Оның трансферлік құны 2 миллион фунттан асады, бұл — Қазақстан футболы тарихындағы рекордтық сома.