Қазақстан еркін күрестен жастар арасындағы әлем чемпионатында екінші орын алды

Күрес
Спорт Шредингера
Қазақстан құрамасы Болгарияның Самоков қаласында өткен 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы еркін күрестен әлем чемпионатында жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Отандастарымыз бұл додада бес жүлде жеңіп алды:
• алтын — Едіге Қасымбек (125 кг),
• күміс — Камиль Куруглиев (92 кг),
• қола — Нұрданат Айтанов (57 кг), Досжан Құлғайып (74 кг) және Самир Дүрсүнов (97 кг).
Қазақстандық балуандардың жалпы ұпайы — 112. Жарыстың абсолютті жеңімпазы 185 ұпай жинаған АҚШ құрамасы болды. Ал Қазақстан үшінші орын алған Иранды небәрі бір ұпайға (111) артта қалдырды.
Айта кетейік, бұл жарыстың жалпыкомандалық есебіне Ресей құрамасы кірмеді.