Сабина Алтынбекова Қазақстан құрамасында ойнаудан бас тартты

Волейбол
Әлеуметтік желі
Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова 2014 жылы жастар құрамасында болған жағдай туралы айтып, ұлттық құрама сапында ойнаудан бас тартуына себеп болған жайттармен бөлісті. Бұл туралы спортшы «Dinara Satzhan» YouTube-арнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Bassport.kz.
– Маған қатысты бапкердің алдын ала қалыптасқан өз көзқарасы болды. Неге ондай қатынас болғанын өзім де түсінбедім. Кейін мен туралы «ол ойнай алмайды, тек әдемі» деген пікірлер тарап, тіпті «команда тек Сабинаға назар аударғандықтан ұтыламыз» деген әңгімелер шықты. Бапкер менен бірдеңе күтетін, бірақ не екенін мен ұқпайтынмын. Әр жаттығудан кейін жылап қайтып, «құрамада ойнағым келмейді, шаршадым» деп айтқан кездерім көп болды, – деді Алтынбекова.
Айта кетейік, Сабина Алтынбекова 2013 жылдан 2018 жылға дейін Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетті. Ол 2013 жылы қыздар арасындағы Азия чемпионатында дебют жасап, 2014 жылы Тайбэйде өткен Азия чемпионатынан кейін кеңінен танылды.