Қазақстан жастар құрамасы волейболдан әлем чемпионатында тарихи жеңіске жетті

olympic.kz
Қытайдың Цзянмэнь қаласында өтіп жатқан U21 әлем чемпионатында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алғашқы тарихи жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Группалық кезеңнің үшінші ойынында қазақстандықтар Пуэрто-Рико құрамасымен кездесіп, қарсыласын сенімді түрде 3:0 есебімен тізе бүктірді (25:23, 25:21, 25:16).
Бұған дейін біздің волейболшылар алғашқы матчта Ираннан 1:3 есебімен ұтылса, екінші ойында Канадаға тартысты бәсекеде 2:3 есебімен есе жіберген еді.
Үшінші турдан кейін Қазақстан 4 ұпай жинап, турнирлік кестеде үшінші орынға көтерілді. Бұл нәтижемен біздің құрамамыз Канада мен Оңтүстік Кореяны артта қалдырды.
Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатына алғаш рет қатысып жатыр және бүгінгі жеңіс олардың тарихындағы алғашқы жетістік болып тіркелді.
Келесі турда қазақстандықтар Польша құрамасымен күш сынасады.