Қазақстанның ең үздік клубы әлем чемпионатын жеңіссіз аяқтады

Қазақстанның ең үздік клубы әлем чемпионатын жеңіссіз аяқтады
Волейбол

“Жетісу” ВК

“Жетісу” әйелдер волейбол клубы Бразилиядағы әлем чемпионатын жеңіссіз аяқтады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Халықаралық волейбол федерациясының ұйымдастыруымен өтетін жарыс биыл Сан-Паулуда жалауын желбіретті. Қазақстандық ұжым А тобының үшінші турында “Осаско” (Бразилия) командасымен кездесіп, 2:3 есебімен (17:25, 25:23, 25:21, 18:25, 17:19) жеңіліс тапты.  

Осылайша, “Жетісу” турнирдегі үш ойында да жеңіліс тауып, топта соңғы төртінші орын алды, сәйкесінші плей-оффтан тыс қалды. 

“Жетісу” биылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатында ел біріншілігінің жеңімпазы ретінде қатысты. Наурыз айында команда тоғызыншы рет Қазақстан чемпионатында топ жарып, ел рекордының иесі атанған.