Әлімханұлы Адамеспен жекпе-жекке шарт қойды

Әлімханұлы Адамеспен жекпе-жекке шарт қойды
Бокс

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы WBC белбеуінің иегері Карлос Адамеспен кездесудегі басты шартын атады, деп хабарлайды Bassport.kz

Отандасымыздың айтуынша, оған қарсылас ретінде Карлостың өзі емес, оның иелігіндегі чемпиондық атақ қызық. 

«Шынымды айтсам, маған Карлостың өзі қызық емес. Ол танымал боксшы емес әрі жанкүйерлері де көп емес, мұны сіздер жақсы білесіздер. Маған маңыздысы – белбеу. Егер ол титулды сақтап қалса, біз келесі жылы кездесеміз. Ал егер оны жоғалтса, онымен жұдырықтасудың еш мәні жоқ», – деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Айта кетейік, бұған дейін Жәнібек Карлос Адамеспен жекпе-жекке деген қызығушылығын жоғалтқанын мәлімдеген болатын. Дегенмен, келіссөздерге келесі жылы қайта оралуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды.