Кубок Дэвиса: Александр Бублик матчтан бас тартты

Кубок Дэвиса: Александр Бублик матчтан бас тартты
Теннис

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик (ATP рейтингінде №19) Кубок Дэвисіндегі Оңтүстік Кореяға қарсы кездесуде жарысты жалғастыра алмады.

Кеше Сун Ву Квонмен (№478) өткен жекелей матч жаңбырдың кесірінен тоқтатылып, есеп 6:7 (6), 0:3 болып тұрған. Алайда бүгін Бублик жарақатына байланысты ойынды жалғастырмауға мәжбүр болды. 

Осылайша, жеңіс Квонға беріліп, жалпы есеп 1:1 болып теңескен еді. Одан кейінгі жұптық кездесуде Александр Шевченко мен Тимофей Скатов кортқа шығып, оңтүстіккореялық Юй Сун Пак пен Джи Сун Намға жол берді. Матч 2:6, 3:6 есебімен аяқталды. Қорытындысында есеп 2:1 болып, қарсылас команда алға шықты. 

Алда шешуші жекелей кездесулер өтеді. Онда Хён Чон қазақстандық Михаил Жукаевпен кездессе, Сун Ву Квон – Александр Шевченкомен күш сынасады. Бұл ойындар серия тағдырын анықтап, финалдық кезеңге жолдама беретін болады.