«Қайрат» Анарбековтің жағдайына қатысты ресми мәлімдеме жасады

«Қайрат» Анарбековтің жағдайына қатысты ресми мәлімдеме жасады
Футбол

Алматылық «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков төменгі жақ сүйегін сындырып, алдағы ойындарға қатыса алмайды, деп хабарлайды Bassport.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

— Алдын ала диагноз — төменгі жақ сүйегінің сынуы. Өкінішке қарай, ол жақын уақыттағы матчтарға қатыса алмайды. Қосымша ақпарат кейінірек белгілі болады, — деді клубтың медиа-офицері Арман Жақсығұлов.

Анарбеков ел біріншілігінің 23-туры аясындағы «Ақтөбеге» қарсы ойында жарақат алды. Кездесудің 10-минутында айып добын орындау кезінде қонақтар қорғаушысы Уче Агбоға соқтығысып, ойыннан шығып қалды. Қақпашыны алаңнан зембілмен алып шықты. 

Айта кетейік, Темірлан Анарбеков 2021 жылы Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңіндегі «Селтикке» қарсы тарихи кездесуде үш пенальтиді қайтарып, «Қайраттың» топтық кезеңге жолдама алуына үлкен үлес қосқан болатын.