«Барыс» жеңіске жете ме? Сарапшылардың болжамы таңқалдырады

«Барыс» жеңіске жете ме? Сарапшылардың болжамы таңқалдырады
Хоккей

Барыс ХК

КХЛ аясында өтетін Череповецтің «Северсталь» және Астананың «Барыс» командалары арасындағы ойынға ресейлік Overbetting.ru сайты болжам жасады, деп хабарлайды Bassport.kz.

Жазбада атап өтілгендей, өткен маусымдағы қос клубтың бетпе-бет кездесулері ерекше нәтижелі өткен. Екі ойында да жанкүйерлер сегізден шайба тамашалаған. Биыл да «Барыстың» қатысуымен өткен бес матчтың төртеуінде кем дегенде алты гол соғылған. «Северсталь» өз айдынында белсенді ойнап, жанкүйерлер алдында қарқынын үдетуді жиі көрсетеді. 

Сонымен қатар, Череповецте өткен соңғы төрт кездесуде «Барыс» негізгі уақытта жеңіске жете алмаған. Астаналықтар сапардағы ойындарда да әрдайым тұрақты нәтиже көрсете бермейді, оған Магнитогорскіде болған ірі жеңіліс дәлел.

Сарапшылардың пайымынша, бұл кездесуде «Северсталь» негізгі уақытта жеңілмейді, ал ойын барысында бес шайбадан артық гол соғылуы ықтимал.