«Қайрат» қорғаушысы жас қақпашыға кеңес берді

Футбол
sports.kz
Алматылық «Қайраттың» ресейлік қорғаушысы Егор Сорокин Лиссабонда өткен Чемпиондар лигасы матчынан кейін (1:4) жас қақпашы Шерхан Қалмырзаға қолдау білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz ASnews.kz сайтына сілтеме жасап.
— Әрине, команда төрт гол жібергенде дебютті жақсы деп айту қиын. Бірақ Шерхан – нағыз жарады. Ол Чемпиондар лигасы деңгейінде үлкен қадамдар жасап келеді, бұл құрметке лайық. Ең бастысы – жұмысын жалғастырып, жанкүйерлер мен бізге қуаныш сыйлай беруі керек. Біз оны бүкіл команда болып қолдаймыз, — деді Сорокин.
Еске сала кетейік, 18 жастағы қақпашы Шерхан Қалмырза алғашқы таймда пенальтиді қайтарғанымен, «Қайрат» үш минут ішінде үш гол өткізіп алып, «Спортингке» 1:4 есебімен есе жіберді.