Лиссабон түніндегі жұлдыз: Шерхан Қалмырзаға қандай баға берілді?

Лиссабон түніндегі жұлдыз: Шерхан Қалмырзаға қандай баға берілді?
Футбол

Қайрат ФК

Алматылық «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы дебюті Португалияда өтті. Бірінші турда Лиссабонның әйгілі «Спортингімен» кездескен қазақстандық клуб 1:4 есебімен ұтылды, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Ресейдің Euro-football.ru сайты бұл ойынды егжей-тегжейлі талдап, 18 жастағы қақпашы Шерхан Калмырзаның шеберлігін ерекше атап өтті. Матчтың алғашқы бөлігінде «Спортинг» жойқын шабуылдар ұйымдастырғанымен, жас голкипер бірнеше қауіпті соққыны қайтарып, командасын құтқарып қалды. 

Алғашқы минуттардан-ақ португалиялықтар Луис Суарес, Педру Гонсалвеш және Франсишкулар жігіттерге қысым көрсеткендей болды. Гонсалвештің төменгі бұрышқа бағыттаған соққысын Калмырза аяғымен тосса, кейінгі пенальтиде де қарсыластың соққысын аяқпен кері қайтарды. 

Бұдан бөлек, Кенда мен Суарестің қауіпті шабуылдарына тосқауыл қойып, бірнеше мәрте қақпасын аман сақтап қалды. Алайда екінші таймда алаң иелері басымдықты түбегейлі өз қолына алды. Үш минут ішінде «Спортинг» қатарынан үш гол соғып, есепті 4:0-ге жеткізді. “Қайрат” тек матчтың соңында ғана Эдмилсонның дәл соққысымен көзге түсті (4:1). 

Ресейлік басылым «Калмырзаның алғашқы таймдағы ерлігі матч соңында ұмыт қалғандай болды» деп жазады. Дегенмен, 18 жастағы қақпашының бұл кездесудегі ойыны сарапшылар тарапынан жоғары бағаланып, оның болашағына үлкен сенім артылуда.