Покатилов «Спортинг» – «Қайрат» матчындағы ең үлкен қауіпті ескертті

Покатилов «Спортинг» – «Қайрат» матчындағы ең үлкен қауіпті ескертті
Футбол

KFF

Қазақстан құрамасының қақпашысы әрі Әзірбайжанның «Сабах» клубының ойыншысы Стас Покатилов алматылық «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы алдағы ойынына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz Sports24.kz сайтына сілтеме жасап. 

Тәжірибелі қақпашының айтуынша, бірден екі голкипердің қатардан шығуы — команда үшін үлкен сын.


«Мен нәтижені болжағанды ұнатпаймын. Бірақ “Қайратқа” оңай болмайтыны анық. Екі қақпашының болмауы ұжымның рухына әсер етеді. Дегенмен командаға да, жас қақпашыға да сәттілік тілеймін. Сондай-ақ Заруцкий мен Анарбековке тезірек сауығып кетуді қалаймын», — деді Покатилов.

Еске сала кетейік, «Қайрат» бірден екі қақпашысынан айырылды: негізгі голкипер Александр Заруцкий мен оның дублері Темірлан Анарбеков жарақатына байланысты алғашқы турда көмек көрсете алмайды. Олардың орнын жас қақпашы басады. Ол Еуропаның басты клубтық додасында алғаш рет алаңға шығады. 

Айта кетейік, матч 19 қыркүйекте Лиссабонда, «Жозе Алваладе» стадионында өтеді. Бұл «Қайраттың» өз тарихында Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойын болмақ.