Путинцева жеңісті уысынан шығарды: Қазақстан – АҚШ матчы басталды

Путинцева жеңісті уысынан шығарды: Қазақстан – АҚШ матчы басталды
Теннис

Olympic.kz

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында Билли Джин Кинг кубогының әлемдік тобы ширек финалы аясында Қазақстан мен АҚШ құрамалары арасындағы кездесу басталды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Алғашқы ойында кортқа Юлия Путинцева (WTA рейтингінде – 61-орын) және Эмма Наварро (WTA №18) шықты. Бірінші сетте америкалық спортшы 7:5 жеңіске жетті. Екінші партияда Путинцева басым түсіп, есепті теңестірді – 6:2. Ал шешуші сет тай-брейкке ұласып, Наварроның пайдасына аяқталды, есеп – 7:6. Матч ұзақтығы шамамен 2,5 сағатқа созылды. 

Осылайша, АҚШ құрамасы (1:0) алға шықты. Келесі матчта қос команданың көшбасшылары кездеседі: Елена Рыбакина (WTA №10) Джессика Пегуламен (WTA №7) күш сынасады.