Жәмила Бақбергенованың әлем чемпионатындағы жолы қысқа болды

Жәмила Бақбергенованың әлем чемпионатындағы жолы қысқа болды
Күрес

Olympic.kz

Загребте (Хорватия) өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының көшбасшысы Жәмила Бақбергенова күтпеген нәтиже көрсетті. 

Әйелдер арасындағы бәсекеде 72 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Жамиля 1/8 финалда Қырғызстан өкілі Нурзат Нуртаеваға жол берді. Кездесу аяқталған соң қазылар шешімімен қарсыласы жеңімпаз атанды. 

Айта кетейік, Жәмила Бақбергенова – төрт дүркін Азия чемпионы, әлем чемпионаттарының жүлдегері әрі өз салмағында әлемдік рейтингтің көшбасшысы. Бұл жарыста да ол бірінші нөмірлі спортшы ретінде тіркелген еді. 

Ал Нурзат Нуртаева әлемдік рейтингте небәрі 34-орында тұр. Осылайша, қазақстандық балуанның алғашқы белдесудегі жеңілісі турнирдің басты оқиғаларының біріне айналып отыр.