Жоржиньо: «Әкем жанкүйер болған клубқа қарсы алаңға шығамын»

Жоржиньо: «Әкем жанкүйер болған клубқа қарсы алаңға шығамын»
Футбол

vesti.kz

«Қайраттың» португалиялық шабуылшысы Жоржиньо үшін Лиссабонда өтетін Чемпиондар лигасының «Спортингке» қарсы матчы ерекше мәнге ие болмақ, деп хабарлайды Bassport.kz.

Футболшының айтуынша, бұл ойын — әкесінің арманын орындаудың бірден бір мүмкіндігі.


– Жеребеде бізге «Спортинг» түскенде, әсіресе «Алваладе» стадионында ойнайтынымыз белгілі болғанда, әкемнің арманы орындалатынын түсіндім. Ол әрқашан «Спортингке» жанкүйер болды. Бірақ ертең ол кімге қолдау білдіретініне еш күмәнім жоқ, әрине ұлының жеңісін қалайды, – деді Жоржиньо португалиялық Ojogo.ptбасылымына берген сұхбатында.

Ойыншы «Селтикке» қарсы матчтардағыдай қобалжу болатынын жасырмады, бірақ алаңға шыққан сәтте барлығы ұмытылады дейді.


– Мен өзім «Спортингке» жанкүйермін, мұны ешқашан жасырған емеспін. Бірақ кәсіби футболшы ретінде алаңда бұл нәрсе маған әсер етпейді, – деді ол.

Айта кетейік, «Спортинг» – «Қайрат» кездесуі 18 қыркүйектен 19-ына қараған түні, Астана уақытымен 00:00-де басталады.