«Қайратқа» дейінгі кездесу: «Реал» «Марсельді» әрең жеңді

Футбол
Reuters
«Марсельдің» бас бапкері Роберто Де Дзерби Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі мадридтік «Реалға» қарсы өткен ойын туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz Championat.com-ға сілтеме жасап.
Кездесу Испания клубының пайдасына 2:1 есебімен аяқталды.
– Бүгін біз жеңіске жете алатын едік деп ойлаймын. Алғашқы 20 минутта тым сақ ойнадық, бірақ кейін еркіндікке шықтық. Бір ойыншы артық болған сәтте қарсыласты 20–30 метр жоғарыда тосып алуға барлығымыз дайын болмадық. Сонда жеңіс нақтырақ болатын еді. Құрамда көп жаңа ойыншы бар, сондықтан оларды қысқа мерзімде бір-бірімен үйлестіру оңай емес. Бірақ командаға айттым: біз бүгін нәтижені өзгеше ету үшін жеткілікті жұмыс жасадық. Бұл біз үшін, ойыншылар мен жаттықтырушылар штабы үшін жақсы тәжірибе болды. Енді өз бағытымызды жалғастыруымыз керек, – деді Де Дзерби.
Айта кетейік, «Реалдың» келесі ойыны 30 қыркүйекте сырт алаңда алматылық «Қайратқа» қарсы өтеді.