Алмат Бекбаев Шерхан Қалмұрзаға кеңес берді

Алмат Бекбаев Шерхан Қалмұрзаға кеңес берді
Футбол

instagram/@kallmurza

«Ордабасы» клубының және Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Алмат Бекбаев 18 жастағы Шерхан Қалмұрзаға Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойыны қарсаңында маңызды кеңес айтты, деп жазады Bassport.kzASnews.kz-ке (BorodAbata) сілтеме жасап. 

– «Алдағы „Спортингке“ қарсы сырт алаңдағы матч оңай болмайды. Қалмұрза барлық толқуын Лиссабонда қалдырып, „Реалға“ қарсы ойынға ешқандай қорқынышсыз шығуы керек. Ең бастысы – қысымға төтеп беру. Қазір жанкүйерлер де, баспасөз де жағдайды қыздырып отыр. Шерхан тек интернетті оқымай, ойынға салқынқанды дайындалса жеткілікті. Барлығы жақсы болады», – деді тәжірибелі қақпашы. 

Айта кетейік, жарақаттарына байланысты Александр Заруцкий мен Темірлан Анарбеков алаңға шыға алмайды. Сондықтан бас бапкер Рафаэль Уразбахтин қақпаны қорғауды 18 жастағы түлектің мойнына жүктемек. 

Қалмұрза Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы ойынға – 18 қыркүйекте «Спортингке» қарсы, сондай-ақ 30 қыркүйекте мадридтік «Реалға» қарсы матчқа қатысады деп күтілуде.