Жәнібек Әлімханұлы – Томпсон жекпе-жегі неге өтпей қалды?

Бокс
vesti.kz
Британдық орта салмақ боксшысы Шакил Томпсон (14-0, 10 KO) қазақстандық WBO/IBF әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 KO) жекпе-жек неге өтпей қалғанын түсіндірді, деп жазады Bassport.kz.
Жыл басында екі боксшының кездесу өткізуі мүмкін деген ақпарат тараған еді. Алайда нәтижесінде «Қазақ стилі» сәуір айында Астанада француз Анауэль Нгамиссенгемен жұдырықтасып, қарсыласын бесінші раундта нокаутқа түсірді.
– «Бізде келіссөздер жүрді, бірақ ортақ шешімге келе алмадық. Қаржылық жағдай көңілімізден шықпады. Тіпті Жәнібекке қарсы шыққан (Анауэль Нгамиссенге – ред.) боксшыға да ақшасы төленбеді дегенді естідім», – деді Томпсон журналист Зак Шумакерге берген сұхбатында.