Еуропадағы ең қымбат бапкер Қазақстан құрамасын жаттықтыруы мүмкін

KFF
Қазақстандық маман Владимир Чебурин 2025 жылы Литва футболындағы ең жоғары жалақы алатын бапкер атанды, деп хабарлайды Bassport.kz ASnews.kz (BorodAbata)-ға сілтеме жасап.
60 жастағы жаттықтырушы қазір Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне үміткерлер қатарында аталып жүр. Бейресми деректерге сүйенсек, Чебурин ай сайын 13-15 мың еуро (шамамен 9,5 млн теңге) жалақы алған. Бұл А-Лигадағы кез келген футболшы мен бапкерден жоғары еңбекақы. Салыстыру үшін айта кетсек, Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Али Алиев кемінде 7 млн теңге алған болатын.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуі аясында ұлттық құрама үш кездесу өткізеді: 10 қазанда – Лихтенштейнге, 13 қазанда – Солтүстік Македонияға, 15 қарашада – Бельгияға қарсы.
Қарағанды тумасы Владимир Чебурин қыркүйекте «Жальгирис» клубымен қош айтысты. Төрт жыл ішінде ол команданы үш рет Литва чемпионы атандырып, екі мәрте ел кубогын жеңіп алған еді.