Канело Альварес Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуі мүмкін

Канело Альварес Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуі мүмкін
Бокс

sport24

Ресейлік «Чемпионат» сайты мексикалық бокс жұлдызы Сауль «Канело» Альварестің қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен кездесуі мүмкін екенін жазды, деп хабарлайды Bassport.kz.

«(...) Саульдің орта салмаққа қайта оралу ықтималдығы жоғары. Бұл салмақта Альвареске бірден белбеу үшін жекпе-жек өткізу мүмкіндігі туады. Оның қарсыластары ретінде Жәнібек Әлімханұлы, Карлос Адамес пен Эрисланди Лара қарастырылып отыр. “Канелоның” барлығына қарсы жақсы мүмкіндіктері бар. Бірақ аса ірі фавориттерді күтуге болмайды. Шираз, Мбилли, шартты түрде Адамес — Сауль үшін негізгі нұсқалар секілді. Бенавидес пен Бивол да толығымен есептен шығарылмайды, өйткені екеуінің де мексикалықпен өз тарихы бар. Ал ең ерекше нұсқа — Джейк Пол. Бұл жекпе-жекке олар бұған дейін де жақын болған, әрі блогер үнемі “Канелоға” тиісіп жүреді. Белбеусіз кезеңде мұндай кездесу өткізу қолайлы сәт болуы мүмкін», — деп жазады басылым.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы қазіргі таңда IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы белбеулеріне ие.