«Қайрат» Лиссабонда сенсация жасай ала ма? ФНК болжамын жариялады

vesti.kz
Ресейлік «Футбол на Куличках» порталы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы турда өтетін «Спортинг» (Португалия) пен «Қайрат» (Қазақстан) арасындағы кездесуге болжам жасады, деп хабарлайды Bassport.kz.
Мәліметке сәйкес, «Спортинг» Еуропа аренасында мол тәжірибесі бар команда ретінде бұл ойында фаворит саналады. Португалиялық клуб соңғы жылдары тұрақты түрде Чемпиондар лигасында өнер көрсетіп келеді. Олардың ойын сапасы мен жеке шеберлігі де қарсыласқа артықшылық береді. Дегенмен, биылғы маусымда «Спортинг» Суперкубокта «Бенфикаға» жол берсе, ішкі біріншілікте бес турда төрт рет жеңіске жетіп, бір рет «Портудан» ұтылды.
Ал «Қайрат» болса, Қазақстан тарихында тек екінші клуб ретінде Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты. Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері жолда Словенияның «Олимпиясын», Финляндияның КуПС-ын, Словакияның «Слованын» және Шотландияның «Селтигін» жарыс жолынан шығарып, үлкен сенсация жасады. Енді алматылықтар Лиссабондағы әйгілі «Жозе Алваладе» стадионында да тарих жасауға талпынбақ.
Статистикалық мәліметтерге тоқталсақ, қос команда бұрын-соңды кездеспеген. «Спортинг» маусымдағы алты ойында төрт рет жеңіп, екі рет ұтылған, соңғы бес матчта үнемі гол соғып жүр. Дегенмен, олар соңғы үй кездесуінде 30 тамызда «Портудан» (1:2) жеңілді. Алматылық «Қайрат» Лига чемпиондарының төрт бірдей іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, негізгі кезеңге шықты.
Айта кетейік, «Спортинг» 2017/18 маусымында Еуропа лигасының 1/16 финалында «Астанамен» кездесіп, сырт алаңда 3:1 есебімен жеңіп, өз алаңында 3:3 есебімен тең түскен. Сондай-ақ, португалдық клуб соңғы төрт маусымның үшеуінде ЛЧ-дағы алғашқы турда жеңіске жеткенімен, турнирдегі соңғы алты матчында жеңіске жете алмай келеді (2 тең, 4 жеңіліс).
ФНК болжамынша, «Қайраттың» Чемпиондар лигасы іріктеуінде жасаған ерлігіне күмәнмен қарағандар көп болған. Букмекерлер де қазақстандық клубқа сенімсіздікпен қарайды. Десе де, портал сарапшылары алматылықтардың байыпты әрі прагматикалық ойынына үміт артып отыр.