Тұрсынғали Еділов бокстан Қазақстан құрамасына баға берді

Тұрсынғали Еділов бокстан Қазақстан құрамасына баға берді
Бокс

aqzhelken

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері, ҚР Бокс федерациясы президентінің кеңесшісі Тұрсынғали Еділов Ливерпульде өткен 2025 жылғы әлем чемпионатындағы ұлттық құраманың өнеріне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz.

«Иә, Қазақстан бұл чемпионаттағы өнері үшін ең жоғары бағаға лайық. Өйткені біздің құрама жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Ерлер де, әйелдер де өздерін үздік жағынан көрсетті. Турнир барысында спортшыларымыз көп жақсы жекпе-жек өткізді», — деді маман.

Айта кетейік, Ливерпульде өткен ӘЧ-2025 нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық медаль кестесінде көш бастады: ел қоржынында 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль бар.