Ермахан Ибраимов: «Бақыт Сарсекбаев ұлттық құрамаға қажет»

Бокс
скрин YouTube
Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов жас боксшылармен жұмыс істеп жүрген танымал бапкер Бақыт Сарсекбаевқа Қазақстан ұлттық құрамасына қосылуды ұсынды. Бұл туралы ол «Sport talks podcast» бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Bassport.kz.
Ибраимовтың айтуынша, Сарсекбаев қазір тәжірибесі мол, әрі білікті бапкер ретінде жақсы нәтиже көрсетіп жүр:
— Алғашында U-22 құрамасын басқарған кезде кейбір түсініксіз жағдайларға байланысты қызметінен кеткен еді. Бірақ уақыт өте келе ол толысып, қайта оралды. Маған оның жаттығу өткізуі, оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыруы ұнайды. Жақында онымен сөйлесіп: «Бақыт, сен ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы болуың керек. Егер құрамаға пайдаңды тигізіп, Олимпиада медальдары үшін еңбек еткің келсе, бұл – дұрыс қадам», – деген кеңес бердім, – деді ол.
Айта кетейік, 2025 жылы Шри-Ланканың Коломбо қаласында өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық боксшылар Сарсекбаевтың жетекшілігімен 22 алтын медаль жеңіп алған болатын.