«Тобыл» өз тарихында үшінші рет Қазақстан кубогын жеңіп алды

Тобыл ФК
Қостанайдың «Тобыл» футбол клубы 2025 жылғы Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды. Қызылорда қаласында алғаш рет өткен финалда қостанайлық ұжым шымкенттік «Ордабасыны» 2:0 есебімен ұтты.
Матчтың тағдырын алғашқы таймдағы екі гол шешті. 19-минутта беларусь шабуылшысы Михал Сигневич есеп ашса, 33-минутта Максим Чесноков айырмашылықты арттырды.
Қалған уақытта «Ордабасы» есепті қысқартуға тырысқанымен, «Тобыл» қорғанысы сыр бермеді. Бұл жеңіс қостанайлық клуб тарихындағы үшінші кубок болды. Бұған дейін «Тобыл» 2007 және 2023 жылдары ел кубогын иеленген еді.
Айта кетейік, турнирдің шешуші ойыны Қызылордадағы жаңа стадионда ұйымдастырылды. Ал жеңіс «Тобылға» бұйығандықтан келесі маусымда Қазақстан Премьер-лигасында төртінші орын алған командаға еурокубок жолдамасы бұйырады.