Рыбакина қатарынан үшінші жыл WTA қорытынды турнирінде өнер көрсетеді

Рыбакина қатарынан үшінші жыл WTA қорытынды турнирінде өнер көрсетеді
Теннис

Associated Press

Қазақстанның бірінші ракеткасы маусымның қорытынды турниріне жолдама алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Елена Рыбакина Токиода өтіп жатқан жарыстың жартылай финалына шығып, сонымен қатар WTA Finals турнирінің қатысушысы атанды.

Теннисшіміз осымен үшінші жыл қатарынан жылдың қорытынды турнирінде өнер көрсетеді. Ал WTA Finals жарысы қараша айының басында Эр-Риядта өтеді.