Күрестен әлем чемпионатында ел қоржыны үшінші медальмен толықты

Күрестен әлем чемпионатында ел қоржыны үшінші медальмен толықты
Күрес

UWW

Күрес түрлерінен Сербияда өтіп жатөан жастар арасындағы әлем чемпионатында ел қоржынына тағв бір медаль түсті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Нови-Садтағы жарыста 82 келәге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған отандасымыз Омар Сатаев қола жүлде үшін болған белдесуде бельгиялық Ибрагим Табаевты 10:8 есебімен жеңді.

Бұл - әлем чемпионатындағы ел қоржынына түскен үшінші медаль. Бұған дейін Юсуф Мациев күміспен күптеліп, Мерей Мәулітханов қола жүлде еншілеген еді.