"Барыс" төрт ойынға жалғасқан жеңіліс сериясын үзді
Хоккей
Всеволод Логвин / Сурет: "Барыс" ХК
Астаналық "Барыс" Омбыда "Авангардты" жеңді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Михаил Кравец бастаған команда 2025 жылдың соңғы ойынында "Авангардпен" кездесіп, жеңіліс сериясын үзді. Елордалық ұжым сапынан Всеволод Логвин, кем құрамда шайба соққан Әлихан Әсетов, Кирилл Панюков пен бос қақпаны дәл көздеген Мэйсон Морелли көзге түсті.
"Авангард" - "Барыс" - 2:4 (0:1, 1:2, 1:1)
0:1 – 12:34 – Логвин (Морелли, Уолш)
0:2 – 22:55 – Әсетов АГ
1:2 – 26:27 – Пономарёв (Окулов)
1:3 – 35:25 – Панюков (Әсетов, Шайхмедденов)
2:3 – 51:38 – Ибрагимов (Рашевский, Окулов)
2:4 – 59:37 – Морелли (Веккьоне, Бояркин)
Қақпашылар: Серебряков - Бояркин