Астанада әйелдер волейболының плей-офф кезеңі өтеді
Волейбол
6–12 сәуір аралығында Астанадағы «Барыс Аренада» әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты Ұлттық лига плей-офф кезеңінің ойындары өтеді.
Елдің үздік төрт командасы — «Жетісу», «Қуаныш», «Берель» және «Тұран» — чемпиондық атақ үшін таласқа түседі.
Жартылай финалда «Жетісу» мен «Тұран», сондай-ақ «Қуаныш» пен «Берель» командалары екі жеңіске дейін ойнайды. Финал мен үшінші орын үшін кездесулер де осы форматта өтеді.
Жанкүйерлер үшін тағы бір жағымды жаңалық барлық матчтарға кіру тегін.
Дәуренқызы Еркенұр