Қазақстан құрамасының Олимпиадаға арналған киімі таныстырылды

Қазақстан құрамасының Олимпиадаға арналған киімі таныстырылды
Қысқы спорт

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі

2026 жылғы қысқы Олимпиадаға арналған Қазақстан құрамасының спорттық киімі таныстырылды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Туризм және спорт министрлігінде 2026 жылғы ақпанда Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін ХХV қысқы Олимпиадаға қатысатын ұлттық құраманың спорттық киім жиынтығы таныстырылды. 

Әзірге Қазақстан ұлттық құрамасы мәнерлеп сырғанау, шорт-трек және конькимен жүгіру спорт түрлерінен Ақ Олимпиадаға жолдама жеңіп алды.

XXV қысқы Олимпия ойындары 2026 жылғы 6-22 ақпан күндері Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Оған әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады.