Марочкин “Тобылға” қайта оралды
Футбол
Александр Марочкин / Сурет: ҚФФ
Александр Марочкин қостанайлық «Тобыл» ойыншысы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Орталық қорғаушы Александр Марочкин «Тобыл» футбол клубымен келісім-шартқа қол қойды. Өткен маусымда Марочкин “Астананың” намысын қорғап, клуб сапында ҚПЛ-да 14 матч өткізіп, бір гол соқты. Ол елордалық командада 2023 жылдан бері өнер көрсетті.
Футболшы 2019 жылдың соңында “Тобыл” сапына қосылған. Ол қостанайлық ұжым құрамында 80 ойын өткізіп, екі гол соққан.