Тарихи алтын: қазақ қызы әлем чемпионы атанды

Тарихи алтын: қазақ қызы әлем чемпионы атанды
Күрес

UWW

Сербияда өтіп жатқан күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем чемпионатында ел қоржынына алтын жүлде түсті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Әйелдер күресінен 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз Шұғыла Өмірбек қарсылас шақ келтірмей, тұғыр биігіне көтерілді.

Шұғыла финалда түркиялық Туба Демирмен белдесіп, 12:8 есебімен жеңіске жетті. 

Бұл әйелдер күресінен жастар арасындағы әлем чемпионатында еліміз олжалап отырған алғашқы алтын медаль. 2017 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан біріншілікте бұған дейін отандастарымыз арасынан ешкім мұндай жетістікке қол жеткізбеген.