Президент Шұғыла Өмірбекті әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

Президент Шұғыла Өмірбекті әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады
Күрес

Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шұғыла Өмірбекті әйелдер арасындағы күрестен U23 әлем чемпионатының жеңімпазы атануымен құттықтады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бұл – тарихи жеңіс. Өйткені еліміз мұндай халықаралық жарыста алғаш рет алтын медаль иеленіп отыр. Әр салада өзінің табандылығымен, еңбекқорлығымен табысқа жететін жастардың өсіп келе жатқаны қуантады. Шұғыланың алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдіремін!» 

Еске салайық, әйелдер күресінен жастар арасындағы әлем чемпионатының финалында Шұғыла Өмірбек (55 келі) түркиялық қарсыласын жеңіп, топ жарған еді.