Хоккейші қыздарымыз жолдастық кездесуде Қытайдан жеңілді

Хоккейші қыздарымыз жолдастық кездесуде Қытайдан жеңілді
Хоккей

Қазақстан хоккей федерациясы

Хоккейден әйелдер арасындағы Азия чемпионатына дайындық барысында Қазақстан мен Қытай жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Ойынның бірінші кезеңі нәтижелі шабуылсыз өтті. Екінші жиырма минуттықта екі құрама сан басымдығын жүзеге асырып, кезең соңында қытайлық хоккейшілер есепте алға шықты - 2:1. Осылайша, Қытай құрамасы бір шайба айырмашылығымен жеңіске жетті. 

Қазақстан - Қытай - 1:2 (0:0, 1:2, 0:0)

1:0 - 33:56 - Зубкова (Олжабаева, Әшімова) СБШ

1:1 - 35:04 - Тян Боя (Чанг Анна) СБШ

1:2 - 39:35 - Тян Боя (Чао Кинан)

Қақпашылар: Щеколова - Лай Гуимин