"Барыс" маусымда екінші рет "Динамоны" жеңді

Хоккей

"Барыс" - "Динамо" Мәскеу / Сурет: "Барыс" ХК

Елордалық "Барыс" сырт айдындағы кезекті ойынын мәскеулік "Динамоға" қарсы өткізіп, сенімді жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Ойынның бірінші кезеңі нәтижелі шабуылсыз өтсе, екінші жиырма минуттықта айдын иелері алғаш болып есеп ашты. Арада бірнеше минут өткеннен кейін Аңсар Шайхмедденов таразы басын теңестіріп, командалар үзіліске тең есеппен аттанды. Ал үшінші кезеңнің басынан бастап "Барыс" басымдықты өз қолына алып, Максим Моторыгин қорғаған қақпаға үш шайба соқты. Ойынның аяқталуына аз уақыт қалғанда Никита Гусев есеп айырмасын қысқартқан. Алайда "Барыс" өз басымдығын сақтап қалып, Мәскеуде екі ұпай еншіледі. 

Қазіргі таңда Михаил Кравец бастаған команда 34 ұпаймен Шығыс Конференциясында сегізінші орында тұр. 

"Динамо" Мәскеу - "Барыс" - 2:4 (0:0, 1;1, 1:3)

1:0 - 27:58 - Комтуа (Пыленков, Гусев) ГБ

1:1 - 30:29 - Шайхмедденов (Қайыржан, Савицкий)

1:2 - 40:48 - Симонов (Логвин)

1:3 - 42:22 - Маккошен (Морелли, Веккьоне)
1:4 - 52:54 - Қайыржан (Өмірбеков, Савицкий) ГБ
2:4 - 55:23 - Гусев (Пыленков) ГБ

Қақпашылар: Моторыгин - Шутов