Astana International Challenge: Панарин ширек финалға шықты
Басқа
Дмитрий Панарин / Сурет: Olympic.kz
Бадминтоннан Қазақстан құрамасының мүшесі Лмитрий Панарин Астанада өтіп жатқан халықаралық турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
1/8 финалда отандасымыз Иран өкілі Нима Ростампурлагалданиді сенімді түрде 2:0 есебімен жеңді. Кездесу 21:15 және 21:14 нәтижелерімен аяқталды.
Енді Дмитрий Панарин жарыстың жартылай финалына шығу үшін Израиль құрамасының өкілі Даниил Дубовенкомен кездеседі.