Бакудегі әлем Кубогы кезеңінде ел намысын кімдер қорғайды
Гимнастика
Милад Карими. Сурет: ҚР ҰОК баспасөз қызметі
Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) Әзірбайжанның Баку қаласында өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Халықаралық турнир 5-8 наурыз аралығында өтеді. Қазақстан құрамасының сапына мына спортшылар енді:
- Милад Карими
- Нариман Курбанов
- Дмитрий Патанин
- Диас Тойшыбек
- Зейнолла Ыдырысов
- Эвелина Ежова
- Радмилла Тарасова
Айта кетейік, бұған дейін Германияның Котбус қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде Нариман Курбанов ат снарядындағы жаттығуда қола медаль жеңіп алған еді.