Түркиядағы әлем Кубогы кезеңінде бақ сынатын қазақ гимнасшылары белгілі болды

Түркиядағы әлем Кубогы кезеңінде бақ сынатын қазақ гимнасшылары белгілі болды
Гимнастика

Нариман Курбанов. Сурет: ҚР ҰОК баспасөз қызметі

12 наурызда Түркияның Анталья қаласында спорттық гимнастикадан әлем Кубогының кезеңі басталады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аталған жарыста Қазақстан құрамасының алты спортшысы бақ сынайды. Құрама сапына Нариман Курбанов, Зейнолла Ыдырысов, Роман Маменов, Нұртан Ыдырысов, Амели Мукушева және Амина Халимарден енді. Турнир 15 наурызда аяқталады.

Еске салайық, бұған дейін Әзірбайжанның Баку қаласында өткен алдыңғы кезеңде Қазақстан құрамасы екі жүлде жеңіп алған еді. Милад Карими еркін және кермедегі жаттығуда екінші орын алды.