Батуттық гимнастика: әлем Кубогы кезеңінде ел намысын кімдер қорғайды
Гимнастика
Сурет: ҚР ҰОК баспасөз қызметі
Нидерландтың Алкмар қаласында батуттық гимнастикадан әлем Кубогының екінші кезеңі өтеді деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Батутта секіру сайысында Қазақстан намысын үш спортшы қорғайды. Құрамаға Роман Барков, Никита Тумаков және Ерлан Тасмағамбетов енді.
Әлем кубогының кезеңі 12-13 наурыз аралығында өтеді.
Айта кетейік, Әлем кубогының алғашқы кезеңінде Роман Барков сегізінші орын алған еді.
Ал синхронды секіру бағдарламасында Роман Барков пен Ерлан Тасмағамбетов бесінші орынға тұрақтады.