Әртістік жүзуден Қазақстан құрамасы әлем Кубогы кезеңінде алты медаль жеңіп алды
Сурет: ҚР ҰОК баспасөз қызметі
Колумбияның Медельин қаласында өткен әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңі аяқталып, онда Қазақстан құрамасы екі алтын, бір күміс, үш қола медаль жеңіп алды және жалпыкомандалық есепте екінші орын алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Ерлер арасында Эдуард Ким еркін бағдарламада топ жарып, алтыннан алқа тақты.
Сондай-ақ әйелдер арасындағы еркін бағдарламада да Қазақстан құрамасы жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Ал техникалық бағдарламада қазақстандық Виктор Друзин үшінші орын алды.
Одан бөлек ұлттық құрама топтық акробатикалық бағдарламада күміс жүлдегер атанды.
Ясмина Исламова мен Алдияр Рамазанов техникалық бағдарламаның жұптық сынында қола медальға ие болса, Наргиза Болатова және Виктор Друзин еркін бағдарламаның жұптық сайысында үшінші орынға жайғасты.