Қос қазақ боксшысы әлем Кубогы кезеңінің финалында
Бокс
Үндістанда бокстан әлем Кубогының қорытынды кезеңі өтіп жатыр. Жарыстың финалына қос қазақ боксшысы жолдама алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрбек Мұрсал финалға жолдама алу үшін өткен жекпе-жекте украиналық Юрий Захарьевті жеңді. Отандасымыз алтын жүлдені шаршы алаң иесі Хитеш Хитешпен сарапқа салады.
Сұлтанбең Айбарұлы 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында Оңтүстік Корея өкілі Ким Дахенді төрешілердің шешімімен жеңді. Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді.
Шешуші кездесуде қазақстандық боксшы Өзбекстан өкілі Жасурбек Юлдашевпен қолғап түйістіреді.