Сұлтанбек Айбарұлы әлем Кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды
Бокстан Қазақстан құрамасы Делиде өткен Әлем кубогының финалдық кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
85 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Сұлтанбек Айбарұлы чемпион атанды. Финалда отандасымыз Өзбекстан боксшысы Жасурбек Юлдашевты жеңді.
Тағы бір финалда бақ сынаған 70 келіге дейінгі салмақта Нұрбек Мұрсал күміс жүлдегер атанды.