Асу Алмабаев UFC турнирінде жеңіске жетті

Асу Алмабаев UFC турнирінде жеңіске жетті
Жекпе-жек

Қазақ файтері Асу Алмабаев Дохада өткен UFC 265 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Отандасымыз UFC-дегі кезекті жекпе-жегін америкалық аралас жекпе-жек шебері Алекс Переске қарсы өткізді. Жеңіл салмақта үш раундқа жоспарланған жекпе-жектің үшінші кезеңі Асу Алмабаевтың тұншықтыру әдісін қолдануымен аяқталып, жерлесіміз жеңіске жетті. Бұл - Асу Алмабаевтың аралас жекпе-жектегі мансабындағы 23-жеңісі.