“Манчестер Юнайтедке” жаңа бас бапкер тағайындалды

“Манчестер Юнайтедке” жаңа бас бапкер тағайындалды
Футбол

Майкл Каррик / Сурет: X / @JacobsBen

Майкл Каррик “Манчестер Юнайтедтің” бас бапкері атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Ағылшындық бапкер МЮ”-мен маусым соңына дейін қысқа мерзімді келісімшартқа қол қойды.  Каррик бұл лауазымда Даррен Флетчерді алмастырды. Флетчер “Манчестер Юнайтедті” небәрі бір апта ғана басқарды және сол аралықта команда Англия кубогында «Брайтонға» жол берді. 

Майкл Каррик “Манчестер Юнайтед” сапында 2006–2018 жылдар аралығында ойнап, кәсіби футболшы ретіндегі мансабын дәл осы клубта аяқтаған.

2022–2025 жылдары ол “Мидлсбро” клубының бас бапкері болды.